Алматыда сенбі күні кешке Астана алаңында орналасқан бұрынғы үкімет ғимараты болған Қазақ-Британ техникалық университетінің шатыры өртенді.
Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, ғимараттың салыну ерекшелігіне байланысты өртті сөндіру күрделенген. Бұған қоса, қатты түтін де өрті сөндіруді қиындатқан.
Жексенбі күні сағат 00:20-де өрттің оқшауланғаны хабарланды. Өрт сөндірушілер ғимарат үстіндегі Қазақстан туын бүтін күйде ала алғанын хабарлады.
Сағат 1-ден кейін өрт сөндірілген. Оның аумағы 120 шаршы метр.
Өртті сөндіруге 78 өрт сөндіруші және 28 техника қатысқан.