Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Қазақстан үкіметі жаңа жылдан бастап көп балалы отбасыларға жәрдемақыны жаңа тәсілмен бермек. Ал кейбір тұрғындар "үкімет әйелдерді көп балалы деп алаламай әлеуметтік көмекті барлық балаға бірдей төлесе" дейді.
Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі жандар аспаз және даяшы болып жұмыс істейтін кафе бар. Әлеуметтік жобаның авторы - қарапайым дәрігер.
Моңғолия, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Түркіменстаннан Қазақстанға келіп, дайындық курсына түскен студенттер білім гранттарын бөлу комиссиясының шешіміне наразылық білдірді. Олар 26 қыркүйекте "Нұр Отан" партиясының кеңсесіне барып, мәселеге араласуды сұрады.
Қоғамда ккіметтен әлеуметтік көмек талап етіп жүргендерді "масыл" деп сынағандар болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та масылдық жайлы бірнеше рет айтты. Осы ретте Азаттық тілшісі депутаттардан "биліктен көмек талап еткен әйелдер шынымен масыл ма?" деп сұрап көрді.
Қыркүйектің 20-сына қараған түні баспана мен жәрдемақы мәселесін шешуді талап еткен 20-дан астам әйел Нұр-Сұлтандағы ұлттық экономика министрлігінің алдында түнеп шықты. Олар 19 қыркүйекте таңертең Ақорда маңына жиналып, әлеуметтік мәселелерінің шешілуін талап еткен еді.
Қазақстанның бір топ саясаткері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 100 күндік жұмысына есеп беріп, жиын өткізді. Тоқаев жұмысына оң баға бергендер "билік халықтың үнін тыңдайтын болды" десті. Бірақ оппозициялық саясаткер ешқандай өзгеріс көрмегенін айтады.
Қазақстан мәжілісі допинг қолданғандарға жазаны күшейтетін заң жобасын мақұлдап, сенатқа жолдады. Егер заң қабылданса, допингпен ұсталған спортшылар мемлекет берген пәтері мен сыйақысын қайтарып береді.
Жаңаөзендік әйелдер балаларын босатуды талап етіп, Нұр-Сұлтанға келді. Олардың айтуынша, балалары "кісі өлтірді" деген айыппен қамауға алынған. Ұсталғандардың жақындары балаларына тағылған айыппен келіспейді.
Билік жоспары бойынша, Қазақстан 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуі тиіс. Бұл қазір қай деңгейде?
Қазақстан билігі күнделікті тұтынуға қажет тауарлардың орта есеппен 9 пайызға қымбаттағанын айтты. Үкімет "бұған өндірістің жоқтығы, алыпсатарлардың көптігі себеп" дейді. Азаттық сөйлескен сарапшылар қымбатшылықты биліктің тиімсіз жұмысынан көреді.
Қазақстанда жаз айларында теміржол билеттеріне тапшылық байқалады. Әсіресе ірі қалаларға барып-келу қиындайды.
Мемлекеттік "Болашақ" бағдарламасы арқылы шетелде білім алып келгендер жұмыс іздеп жүр. Нұр-Сұлтанда Шетелде оқығандарға арналған еңбек жәрмеңкесі өтті.
Қазақстан кәсіподақтар федерациясының өкілі, саясаттанушы Ерлан Саировтың пікірінше, Жәрдемдегі жанжал жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын көрсетеді.
Қарағанды облысындағы Жәйрем тау-кен комбинатында жұмысшылар арасында төбелес болған. Шетелдік бірнеше жұмысшы жарақаттанған. "Жанжалға шетелдік азаматтың интернетте қазақ қызының жалаңаш суретін жариялауы себеп болды" дейді Азаттыққа аты-жөнін атамауды сұраған тұрғын.
Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев атышулы Заречный түрмесіне барып, сотталушылардың арызын тыңдады. Бірақ осы колонияда отырып шыққан азаматтың пікірінше, мұндай кездесулер түрмедегі жағдайды өзгертпейді.
Ұлттық банк ақша айырбастау пунктері жұмысына байланысты бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынды. Жұмыс кестесіне шектеу қою, валюта айырбастаушылардың жеке деректерін енгізу, сынды ұсыныстар қоғамда қызу талқыланып жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласында баспана мәселесін айтып, наразылыққа шыққан әйелдер соңғы кезде билік өкілдері қысым жасап жатыр дейді. Әйелдердің сөзінше, полиция мен әкімдік өкілдері кеше кешке үй-үйді аралап, наразылыққа шыққандарға айыппұл салынатыны, қамалатыны айтылған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "тиімсіз жоба" деп сынап, қоғам наразылығын тудырған Нұр-Сұлтан қаласындағы ЛРТ, яғни жеңіл теміржол желісі бәрібір салынатын болды. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов хабарлады. Көп шығынды қажет ететін жоба туралы тұрғындар пікірі әрқилы.
Көп балалы аналарға 21 мың теңге төлей бастаған үкімет ақшаның қайда жұмсалғаны жайлы есеп беруді талап етеді. Мақсатсыз жұмсалса қайтарып алмақ. Нұр-Сұлтан қаласында биліктің атаулы әлеуметтік көмекке байланысты талабына наразы ондаған әйел шағым айтып үкіметке барды.
«Қауіпсіздік сертификаты» ақпарат жинамайды. Ол тек сүзгі қызметін атқарады. Осылай деген цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қазақстандықтарды еш алаңдамауға шақырды. Асқар Жұмағалиевтің пікірімен жұртшылық келісе ме?
Тағы