Тимур Айтмұханбет - Азаттықтың Нұр-Сұлтандағы журналисі, видео операторы.
Нұр-Сұлтанда көп балалы аналар наразылық білдірді. 21 мың теңге жәрдемақыға құжат өткізудің қиын екенін айтқан тұрғындар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен мәжіліске барды. Олар депутаттарды "дұрыс заң шығармадыңыздар" деп айыптаса, депутат үкіметті кінәлады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге ресми сапары кезінде Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға атом электр стансасын салу туралы ұсыныс жасағанын айтты.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге сапармен барды. Одан қандай нәтиже күтуге болады? Азаттық парламент депутаттарынан сұрап көрді.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік сотында "Настоящее время" арнасының журналисі Светлана Глушковаға қарсы сот басталды.
Қазақстандағы Украина азаматтары Нұр-Сұлтан қаласындағы елшіліктен ашылған сайлау учаскесінде дауыс берді.
Азаттық Нұр-Сұлтан тұрғындарынан «Қазақстан президентінің сайлауы қашан өтуі керек?» деп сұрап көрді.
Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі Талапкер ауылының тұрғындарын еріген қар суы әбігерге салып жатыр. Олар "жергілікті билік дер шағында қауіптің алдын алмайды" дейді.
Қазақстанда тұңғыш президент аппараты, қоры мен баспасөз қызметі бар. Екі президенттің әкімшіліктерін ұстау бюджетке қаншаға түседі? Азаттық парламент мәжілісі депутаттарынан сұрап көрді.
Астанада 22 наурызда полиция ондаған адамды ұстады. Белгісіз топ Азаттық тілшілерінің жұмыс істеуіне кедергі жасап, камераның бетін көлегейлеумен болды.
Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы Нұрсұлтан деп өзгертуді ұсынды. Қала атауын өзгертуге байланысты тұрғындар пікірі әртүрлі.
19 наурызда 30 жыл Қазақстанды басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кететінін мәлімдеді. Астаналық тұрғындар пікірі.
Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жәрдемақыны алуға ниетті отбасылардың қорасындағы малы да табыс ретінде есептелетінін айтты. Бұған аз жалақы алып, мал ұстап отырған отбасылар қалай қарайды?
Астанада көп балалы әйелдер тағы да жиналды. Олар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевпен кездесу үшін министрлікке барды.
Еуропарламент депутаттарының «Қазақстанда адам құқығы бұзылады» деген пікірімен қазақстандық әріптестері келісе ме?
Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев алғаш рет қоғамдық қабылдау өткізіп, оған әр өңірден 35 тұрғын келген. Арызданушылардың көбі полиция қызметіне көңілі толмайтынын айтты.
Қазақстанда әлеуметтік желілер бұғаттала ма? Азаттық тілшілері осы сауалды парламент депутаттарына қойды.
"Ұлтаралық араздықты қоздырды" деп күдікке ілінген Серікжан Біләшқа қатысты тергеу Астанада жүреді.
Астанада "Нұр Отан" партиясының съезі өтіп жатқан кезде Қазақстанның бірнеше қаласында полиция билікке наразылық білдірген ондаған адамды ұстап әкеткен. Елдің ішкі істер министрлігі полицияның бұл әрекетіне қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасамады. Ал ұсталғандар не дейді?
Ақпанның 27-күні Астанада «Нұр Отан» партиясының кезекті 18-съезі өтті. 3 жарым сағатқа созылған шара кезінде сөз алған делегаттар президент Нұрсұлтан Назарбаевты мадақтап, мақтады.
Қазақстан президентінің қызы, парламент сенатының депутаты Дариға Назарбаева ұлы Айсұлтан жайлы Азаттық тілшісінің сұрағына жауап бермеді.
Тағы